Кеше «Астана Арена» стадионында өткен «Атырау» және «Қайсар» командалары арасындағы Қазақстан кубогының матчы ортасынан үзіліп қала жаздады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«6 қазан күні футболдан «Астана Арена» стадионында өткен «Атырау» - «Қайсар» матчын кейбір қызуқанды фанаттар тоқтатып тастамақ болды. Полиция қызметкерлерінің араласуымен даулы оқиға тоқтатылды», - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарды мәдени және спорт шаралары кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбауға, арандатуға берілмеуге шақырады. Полицейлер құқық бұзғандар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.