Жақында ғана жарыққа шыққан «Томирис» тарихи көркемфильмін тамашалаған қалың көрермен желіде жаппай жеке пікірлерін қарша боратуда. Бірі ұнады десе, бірі тарихи шығармашылық жұмысқа көңілдері толмағанын жазды. Мәселен, Айдос Жұқанұлы фильмнен алған әсерін, есте қалған образдар мен эпизодтарды әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Бұл туралы «Skifnews.kz» ақпарат порталы хабарлайды.
Айдос Жұқанұлы:
«Томирис» фильмін көрдім. Қазақшасында үш қыз жалаңаш суға шомылып жүргені ұнады. Орысша нұсқасында жоқ дейді. Бөкселері әдемі екен. Парсы қыздың төсі де тартымды.
Томиристі ойнаған қыз оралман екен ғой. «Қандаспыз» деп сүтке қан тамызып ішті. Қарақалпақстаннан келген-ау!?
...Қылжақты қойып, ойымды айтайын. Ұнады. Әсіресе, режиссура. Сосын актерлердің ойыны. Томирис сұлу екен. Мені көрмеген ғой ол.
Сыни көзбен қарасаң, кемшілік табуға болады. Фарабтық шежіреші артық. Редактура нашар. Массовкаға ақша аямау керек екен.
Айтпақшы, әсіредіншілдер баруға болмайтын фильм. Жалпы өсу бар», - деп ойын ашық білдірген.
Оның бұл жазбасын оқығандар да қалыс қалмаған.
Мысалы, бірі «Жаңа «Томирис» фильмінен шықтым. Айтарым мен жазарым көп. В целом жаман емес. Әлі де киноны дамыту керек, бірақ, Сатайдың әрбір фильмі керемет. Оригинал», - десе, енді бірі «Түф, қазақ бәрін қойғанда сынды өлтіреміз ғой», - деген екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін киноның режиссеры Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілімге шықпай қалғаны үшін кешірім сұрағаны туралы жазған болатынбыз.