$ 448.15  483.46  4.86

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Астанада қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

"Бүгін таңғы сағат 07:24-де Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада №15 бағдардағы автобусы арақашықтықты сақтамай, мектеп автобусымен соқтығысқан.

"Мектеп автобусы аялдамада балаларды күтіп тұрған. Жол апаты кезінде онда жолаушылар болмаған", - деп мәлімдеді ПД-нің баспасөз қызметі. 

Қоғамдық көлікте 30-дан астам жолаушы отырған. Жол апаты салдарынан автобустағы 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары