07.10.2019, 14:50

Қарыздан тез әрі оңай құтылудың жолдары

Өзіңіздің кірістеріңізді және шығыстарыңызды тізбекке тізіп жазып қойыңыз.

Қарыздан құтылудың оңай және тез жолын іздеп жүрсіз бе? Онда мақала сізге арналады. Себебі біз сізге қарыздарды тез және оңтайлы жолмен жабу жолын ұсынбақпыз.

1-қадам

Өзіңіздің кірістеріңізді және шығыстарыңызды тізбекке тізіп жазып қойыңыз. Яғни қағазды екіге болып кіріс ақша мен шығыс ақшаны екі бағанға бқліп жазыңыз. Оңайлату үшін шығыстарыңызды осы топтарға бөлуді ұсынамыз.

Азық-түлік және тұрмыстық тауарлар.

Комуналдық төлемдер, мобильді операторлар, провайдерлер қызметтері; көлік.

Киім, аяқ киім, дәрі-дәрмек шығындары.

Жеке қажеттіліктерге арналған ақша.

Жинақ (егер бар болса).

Және осы қатарға өзіңіздің бүкіл қарыздарыңызды жазыңыз. Барлығын, тіпті ең маңызсыз дегендерін де, себебі қарыздарыңның толығымен қанша екенін көзбен көруіңіз қажет. Мұндай сезім сізді басқа көңіл-көтеру кештерінен алшақтатады, бәлкім.

2-қадам

Несие, өсіммен алынған қарыз, бөліп төлеудегі қарыз...

Борыштарды жылдам төлеу үшін, бірге қиын қаржылық жағдайдан шығу жолын табу үшін кредиторлармен немесе қаржылық кеңесшілермен байланысу қажет. Өз бетіңізше немесе қаржы консультанттарының делдалдығы арқылы кредиторларға сіз шын мәнінде борыштарды жеңуге тырысып жатқаныңызды айтып, пайыздарды азайтуға немесе төлем мерзімін ұзартуға мүдделі болғыңыз келетінін жеткізіңіз. Осылайша, сізде несие шарттарын өзіңіз үшін тиімді ету мүмкіндігі пайда болады.

Егер сіз несиеңізді немесе қарыздарыңызды өтей алмай жатсаңыз, мүлде жаңа несие немесе пайызға қарыз алмаңыз. Оның орнына минимализммен шектеліңіз, қысқартуға болатын жердің бәрін қысқартыңыз.

3-қадам

Шарасыздық сізді жегідей жемес үшін, активтерді басқа жақтардан іздеңіз. Қосымша табыс көзін іздеңіз. Өз қарыздарыңыз үшін шынымен де алаңдаңыз.

Ал келешекте кез келген қарыз сізді үнемі алаңдатып, бойыңызға негатив жинайтынын есіңізден шығармаңыз. Сондықтан егер де несие жөнінен біліміңіз болмаса, несие алып қажет емес.

Дереккөз: Oinet.kz

Тегтер: Қарыз