07.10.2019, 22:51

Шамалған станциясында пойызбен болған апаттан зардап шеккен әйел ауруханадан шықты

Фото: Stan.kz
Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Шамалған станциясында пойызбен болған апаттан зардап шеккен әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. 

«Апаттан жарақат алды, операциялар жүргізілді, бірнеше сынықтар алған. Жағдайы қанағаттандырарлық. Бірақ әлі де ем алу керек және психологиялық кеңеске жүгінгені дұрыс. Хирургиялық операция жасалғандықтан да науқастың психологиялық стресс алмағаны жөн", - деп хабарлады № 7 ауруханадағылар.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте кешкі сағат 19.08 уақытта Ақсеңгір-Шамалған станциясында автобусқа пойыз соқтығысқан болатын. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, әйел және екі кішкентай қыз жарақат алды.