08.10.2019, 01:39

Тұрғымбаев Ақмола облысының полиция басшысын қызметінен босатты

Бұл қызметке ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқаратын полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығын қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап етті деген күдікпен жоғары лауазымды полицейлер ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізуге байланысты, басшының орынбасары Асан Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сәуле Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Б. Биляловқа қатысты атқарып отырған қызметінен босату туралы баянат берілді, делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып ІІМ Криминалдық Полиция департаментін басқаратын полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды.

Тегтер: Тұрғымбаев