08.10.2019, 04:00

Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

8 қазан күні Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп жазады ҚазАқпарат. 

«2009 жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз ауа райы ауа райы қалыптасады, яғни ауа ластанады»,-делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: Қазақстан