$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 71 жастағы зейнеткерді құрдасы қағып өлтірді (ВИДЕО)

Әзірге жол көлік оқиғасының неден болғаны белгісіз.

Павлодарда 71 жастағы көлік жүргізушісі құрдасын қағып кетті, деп хабарлады АстанаТВ.

Оқиға «Сенім» сауда үйінің жанында реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында болған. Әзірге жол көлік оқиғасының неден болғаны белгісіз. Қатты соққыдан 1948 жылы туған  зейнеткер түрлі дене жарақатын алған. Алайда, оған дәрігерлер араша бола алмапты.  Марқұм ауруханда көз жұмды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылған. Айта кететін жәйт, заң бойынша көлік жүргізуге жас шектеуі қарастырылмаған. 

"Осы факті бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Павлодар облыстық ПД-нің ресми өкілі Жанна Біләлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары