Лаңкестікке қарсы "Көкнар"операциясын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Алматы-Ташкент тас жолындағы Айша бибі-Жамбыл ауданына қарасты ауылдан Lada-21713 жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпарат порталына.
Көлікті тінту кезінде Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 23 кг 220 г болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 266-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.