Ер адамның өлі денесі "Три Короны" ТК-нің жанынан табылды. ҚР ҚК "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Lada.kz басылымы.
Оқиға 7 қазан түнгі сағат 3 шамасында болған.
"Жас жігіттің мәйіті "Три короны" ТК-нің жанынан табылды. Осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстыш полиция департементінің баспасөз қызметі.