$ 444.22  476.38  4.82

Оралда өлі табылған шақалақтың анасы анықталды

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Оралда өлі табылған шақалақтың анасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 қазан күні таңертең орын алды. 

Құрманғазы көшесі бойындағы үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінің қасынан қара түсті сөмкеге, целлофан пакетке салынған, жаңа туылған шақалақтың мүрдесі табылды. 

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті, 1 аяқкиім ізі алынды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде. 

Әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар көрінеді. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия