$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда белгісіз біреу жолаушылар автобусына оқ жаудырды (ВИДЕО)

Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған.

8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 «Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ», - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі - 4,5 милиметр, пневматикада қолданылады.  
«Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр», - деді ведомство өкілдері. .
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары