Мексикада Чьяпас штаты Лас Маргаритас ауданының басшысы Хорхе Эскандонды халық жол талғамайтын көліктің үстіне байлап, көшемен алып жүріп өткен, деп хабарлайды zakon.kz, Life.ru-ға сілтеме жасап.
Тіпті, әкімшіліктегілердің өзі Эскандонның жұмысына көңілі толмаған. Ол жергілікті халыққа «жол салып беремін» деп уәдені үйіп-төккенмен, оны орындамаған. Көпшілік өтініштерін аяқасты етіп, жылдар бойы өтірік уәде беріп келген әкімге қаны қарайып, ақырында оны ел алдында масқаралауды жөн деп шешкен.
Лас Маргаритас аймағындағы полициямен қақтығыс салдарынан кем дегенде 11 адам жараланып, тағы 30 шақты шаруа қамауға алынды. Әкімшілік басшысына сырттан қажетті көмек келді.
Видеодан джипке байланған әкімнің өздігінен қашпақ болып, сүйретіліп қалғанын да көруге болады.