$ 498.34  519.72  4.85

Мойын омыртқасы үзіліп кеткен жігіт таңғаларлық жағдайда аяққа тұрды

Науқастың мүгедек болып қалмауы үшін нейрохирургтар 2 сағаттық операция жасады.
фото: https://tsn.ua/ru
фото: https://tsn.ua/ru

Жол-көлік апатына ұшыраған азаматқа, қаладағы №4-ші қалалық клиникалық аураханасының дәрігерлері шұғыл ота жасап үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv .

Мойын омырытқасы шығып, одан бөлек көптеген жарақат алған науқастың мүгедек болып қалмауы үшін нейрохирургтар 2 сағаттық операция жасады. Өмірін арашалап қалған Жасұланның ақ халаттыларға алғыстан басқа айтары жоқ.
«Қазір тұрып, тамақ ішіп, далаға шыға аламын. Жақсымын, шүкір. Аяқ-қолымды игере аламын. Ұйқым тыныш», – деді Жасұлан Жарылқасын.

Жасұланға жасалған ота негізінен күрделі боп есептелінеді. Нейрохирургтар шығып кеткен мойын омыртқасына жасанды бұрама мен диск қойған екен. Таң қаларлығы, операциядан соң, 3 күннен кейін науқас аяғына тік тұра алғандығында. Дәрігерлер  мұндай жағдай көп бола бермейтінідігін жасырмады.

«Науқасты каталкамен әкелді. Қол-аяғы істеп тұрған жоқ еді түскен кезде. Жедел түрде зерттеулер жасалып, отаға жіберілді. Екі сағаттың ішінде операция жасалып шықты. Қазір жағдайы тәуір», – деді Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханасы бөлімінің нейрохирург-дәрігері Тимур Айтмұқанов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары