10.10.2019, 10:15

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Фото: Тұрар Қазанғапов
Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау бойынша келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр.

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді.  

"Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау бойынша келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", - деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.