$ 494.87  520.65  4.91

«Туысқандарыңмен бірге қырып кетемін»: күйеуінен шаршаған 7 баланың анасы жан сырын ақтарды

Бұрын жас кезімде шыдағанмын. Қазір жасым 45-ке келді.

Бірнеше жыл бойы күйеуінен таяқ жеп келген Раушан Жүнісбекова ендігіде шыдай алмайды. Олардың жеті баласы бар. Бірақ күйеуі әйелін бірде ошақ басында отынмен ұрса, біресе үйден қуып жібереді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бұрын жас кезімде шыдағанмын. Қазір жасым 45-ке келді. Денсаулығым жоқ. Көне беретін де едім. Бірақ бала-шағамды ұрғанына шыдай алмаймын. Мінезі шатақ. Көшеде төбелесіп, үйдегі ыдыс-аяқты шағады. Неше рет ішіп келіп, ұрды. Балаларым үшін шыдап келдім. Үйленгеннен кейін бір жыл таяқ жемедім, содан әр ішкен сайын ұратынды шығарды», – дейді әйел.

Жеті баланың анасы күйеуінің соққысынан әбден шаршаған. Сотқа берейін десе, күйеуінен қорқамын дейді. Өйткені ол «туысқандарыңмен бірге қырып кетемін» деп қорқытады екен. 

«Бірде тамақ істеп жатқанмын. Ол тойып келіпті. Келді де ошақта жанып жатқан ағашпен ұрды. Басым содан жарылып қалған. Шаш өспей қалды ол жерге», – дейді Раушан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары