Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қазан күні шамамен 12:22 сағатта Жансүгіров көшесінде орналасқан психоневрологиялық диспансер аумағынан қашып кеткен адамды ұстады, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпарат порталына.
Түрмеден қашқан күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тексеру жүргізілуде.
Нұр Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі қажетті іздестіру шаралары кезінде тұрғындардан тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Cұлтан полициясы - психоневрологиялық диспансер аумағынан ізін суытқан қашқынды табуға тұрғындардан көмек сұраған болатын.