Катонқарағай ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Өрт таулы аймақта шыққан. Дәлірек айтсақ, Рахманов орман шаруашылығының Берел филиалына қарасты аумақта. Мамандардың айтуынша, бұл жерге адам аяғының жетуі оңай емес. Жалын шамамен 20 гектар аумақты шарпыған.
"Өрттің шығу себебі анықталуда", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ұлттық парк пен Қазавиаорманқорғау қызметкерлері өртті ауыздықтауға кірісті.