10.10.2019, 22:21

Ұшақ бортында стюардесса мен ұшқыш төбелесті

Фото: ktk.kz
Оқиға 14 қыркүйекте болған. 36 жастағы ұшқыш пен 29 жастағы стюардесса ұшақ бортында төбелескен.

Американың Republic Airways әуе компаниясы бір-бірімен төбелескен екі қызметкерді жұмыстан босатты, деп жазады ktk.kz.

Оқиға 14 қыркүйекте болған. 36 жастағы ұшқыш пен 29 жастағы стюардесса ұшақ бортында төбелескен. Кейін олардың 10 ай бойы қыз бен жігіт ретінде көңіл жарастырғаны белгілі болды. 

Сол күні ұшар алдында бойжеткен қоңырау соғу үшін жігіттің телефонын сұраған. Жігітінің телефонынан күмәнді дүние байқаған соң оны жігітіне айтқан. Жігіт қызға өзіне қатыс жоқ іске араласпауын айтқан. 

Бірақ бойжеткен бой бермей, аяқ асты болған ұрыс жанжалға айналған. Осы оқиғадан кейін екеуі де жұмыстан босатылған. Енді олар сот алдында жауап бермек.

Тегтер: Америка