$ 444.32  473.33  4.76

Қауіпті қару сатқандар ұсталды

50 оғы және тұншықтырғыш құралы бар ПБ (Дыбыс шығармайтын тапанша) тапаншасын 675 мың теңгеге сатады, ақша Тұрсыновтың банк картасына түскен.
фото: kaz.zakon.kz
фото: kaz.zakon.kz

2019 жылғы 21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қару сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық істі ұйымдастырушы С.Бимурзин ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 4-бөлігі бойынша, ал оның серіктесі Ф.Тұрсынов 287-бабы 4-бөлігі және 286-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Аталған адамдарға 5 және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда сот олардың қылмысқа алғаш рет баруы, кінәсін толықтай мойындауы және тергеумен әріптестікте белсенділік танытуларын ескере отырып, шартты түрдегі жаза тағайындады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 15 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК қызметкерлері С.Бимурзиннен 10 оғы және тұншықтырғыш құралы бар ТТ (Тулалық Токарев) тапаншасын 605 мың теңгеге сатып алған.

18 ақпанда ол 50 оғы және тұншықтырғыш құралы бар ПБ (Дыбыс шығармайтын тапанша) тапаншасын 675 мың теңгеге сатады, ақша Тұрсыновтың банк картасына түскен.

С.Бимурзин мен Ф. Тұрсыновты 12 наурызда Алматыда Нұр-Сұлтан мен Алматының ҰҚК қызметкерлері, сондай-ақ, ҚР Ұлттық гвардиясының «Бүркіт» арнайы жасағының бөлімшесі қызметкерлері бірлесіп ұстады.

Ұсталған кезде Ф.Тұрсыновтың тұрғылықты мекен-жайы тінтіліп, «Reck» маркасындағы газ тапанша (сақтау рұқсат қағазы жоқ), марихуана салынған 196 грамм болатын үш полиэтилен пакет, банк картасы және тағы басқа іске қатысты заттар табылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары