11.10.2019, 09:25

Қауіпті ауру жыл сайын 250 мың адамның өмірін жалмайды

фото: tengrinews.kz
«Жаһандық қауіпсіздік үшін апат салдарының ықтимал қаупі» екенін ескертеді.

Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулезбен ауырғандардың шамамен төрттен бірінде емдеуге келмейтін формасы анықталады, - деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған tengrinews.kz.

Жыл сайын дәрі-дәрмекке төзімді туберкулез 250 мың адамның өмірін жалмайды екен. Бұл аурудың белгілері-тұрақты жөтел, шаршау, салмақ жоғалту. Дәрілік заттардың әсеріне төзімділігі өсіп жатқаны айтылады. Global Fund зерттеушілері (ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін ғаламдық қор) аурудың «жаһандық қауіпсіздік үшін апат салдарының ықтимал қаупі» екенін ескертеді. 

«Туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Сіз оларды кез келген жерде жұқтырасыз. Сол немесе басқа елдің тұрғындарын жұқтырудың алдын алудың ең жақсы жолы - ол пайда болған жерде туберкулезбен күресу. Өйткені көші-қон процестеріне байланысты әркім ауырып қалуы мүмкін. Елдер үкіметтеріне оянатын уақыт келді», - дейді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.

Тегтер: туберкулез