Қазақстанның экс-президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың "Хабар" телеарнасына берген сұхбатын жариялады, деп жазады Qamshy.kz.
Журналист Айгүл Әділова Назарбаевқа "президенттік қызметтен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?" деп сұрақ қойды.
«Әрине, өкінбеймін. Өйткені, бұл барлық жағынан ойластырылған шешім болды. Біріншіден, осы жылдар ішінде мені мемлекет басшысы етіп сайлаған халқыма рахмет айтқым келеді. Екіншіден, өзгерістер қажет. Ештеңе орнында тұрмайды, бізге жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адам, оның өзіндік пікірі, қарым-қатынасы бар. Сондықтан мен ешқашан өкінбеймін, дұрыс нәрсені жасадым деп ойлаймын. Халық үшін, Қазақстан үшін», - дейді Назарбаев.
Сұхбаттың толық нұсқасы бүгін 21.30-да Хабар телеарнасына шығады. Онда Елбасы «қос билік» туралы қауесеттерге түсініктеме беріп, өзінің отставкаға кету себептерін түсіндіреді.