$ 444.22  476.38  4.82

Дәрі ішіп, ауруыңызға ауру қосып алмаңыз

Шымкенттегі қалалық клиниканың былығы әшкере болды.

Шымкент қалалық клиникасындағы бактериологиялық лабораторияда мерзімі өткен дәрілердің сақталып, оның сыртындағы мерзімі жазылған жазуларды өшіріп, жаңа дәрі ретінде қайта қолдан жасалатындығы мен сырқаттардың диагноздары жалған қойылатындығы жөнінде Рустем Ашетаевтың фейзбук  парақшасында жарияланды. 

Аталмыш видеода заңсыз жасалынған сәттер толық көрсетілген. Сондай-ақ Ашетевтың парақшасына мекемеде қызмет ететін 2 лаборант былықтарға көз жұмып қарай алмайтындығын айтып, тікелей эфирге шықты. 

Мәселені толығырақ білу үшін  Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарласқанында бір сағаттан кейін ресми өзіміз хабар береміз деді. Ал бір сағаттан кейін хабарласқанында әлі ресми мәлімдеменің жоқтығын айтты. Баспасөз маслихатының өтіп кеткеніне 2 сағат болғандығын алға тартып, неліктен мәлімдеме жасай алмайтындығын қайта сұрап, қоңырау шалды. Бізге оқиғаның шығу себеп салдары мен тікелей эфирге шыққан қызметкерлеріңіздің аты-жөнін толық атасаңыз дегеніне баспасөз хатшысы қысқаша жауап қатты.   

«Бұл жағдай бойынша тексеру жұмыстары басталды. Қосымша құзырлы орган өкілдері тарапынанда тексеру жұмыстары жүргізуде. Әзірге істің ақ қарасы белгісіз. Тексеру жұмыстарынан кейін міндетті түрде қосымша хабар береміз. Кешіріңіз, әзірге белгісіз мәлімет болғандықтан заң бойынша қызметкерлердің аты-жөнін атай алмаймын. Тексеру жұмыстары нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Кінәлілер жауапқа тартылады» – деді. 

 Р.Ашатевтың  фейзбук  парақшасындағы жазбаға зер салсақ. 

Бұл сорақылық  Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының басшылығына, облыстық денсаулық сақтау мен еліміздің медицина саласына үлкен сын болып тұр. 

ШҚКБА-ның бактерологиялық лабораториясындағы жан-жақтан келген анализдердің зерттелмей, ойдан жазылған қортындыларының кесірінен қаншама жандар зардап шегетінін айтудың өзі артық шығар. 

Дәрігерлердің сізге дұрыс диагноз қоюы үшін алдарында дұрыс анализдер болуы керек. 

Егерде қолдарындағы сенген анализдері мүлдем өтірік болса ше? 

Сіздің ауруыңызды анықтап емдеу үшін сіздердің организімдеріңізден табылған бактериялармен вирустарға, нақты қандай антибиотик әсер ететіні анықтап алу керек болады. Дәрігерлер диагнозды қоярда осындай лабораториялалдың қортындыларына қарап назначения береді. Егерде лабораторияда өтірік қортынды берілсе немесе ол қортындыларын срогы өткен дәрілермен анықталса, онда дәрігердің назначениясы сізді емдеудің орнына, сізге қауіпті болуы, дәрілердің сізге мүлдем әсері болмай, ауруханаға қалай барсаңыз солай ешқандай емсіз қайтып шығуыңыз мүмкін. 

Сіздің дәрілерге жұмсаған қаржыңыз ауаға шашқаныңызбен тең. Организіміңіз қаншама антибиотиктерді босқа қабылдап, өзіңіз ауырып жүргенде одан ары уланасыз. Осыған кімді кінәлайсыздар?

Дереккөз: Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент