Бүгін Қазақстан аумағында екінші мәрте жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 13 қазан күні Алматы уақыты бойынша 20 сағат 24 минут 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 457 км қашықтықта Алматы облысының аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық класы 8.9. Магнитуасы 4.0 MPV. Бағыты 45.69° солтүстік ендікте, 81.49° шығыс бойлықта. Тереңдігі 10 км. Сезілу деңгейі байқалмайды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жер сілкінгені туралы хабарлаған болатынбыз.