$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан құрамасы өз алаңында Белгиядан жеңіліп қалды

Ойынның 8-минутында Максим Федин есеп ашуға жақсы мүмкіндік алған.
Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдады. Матч 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойынның 8-минутында Максим Федин есеп ашуға жақсы мүмкіндік алған. Алайда, әуелей асырылған пастан кейін оның баспен ұрған добы қапа маңдайшасынан сәл ғана биік кетті.

Матчтың 21-минутында Белгия шабуылшысы Миши Батшуайи есеп ашты. Ол командаласы Деннис Праттың айып алаңына асырған добын қақпаға дәл көздеді.

Кездесудің екінші таймында қонақтар шабуылын үдете түсті. Осылайша, 53-минутта Эден Азар айып алаңына тура пас асырып, белгиялық жартылай қорғаушы Тома Мёнье есепті еселеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары