$ 498.34  519.72  4.85

58 жастағы балуан Қасенхан Серғазиев әлем чемпионы атанды

Ол Грузия астанасында өтіп жатқан ардагерлер арасындағы әлемдік аламанға қатысқан болатын.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды. Ұлттық құраманың соңғы 20 жыл бойы жете алмай келе жатқан жетістігіне 58 жастағы Қасенхан Серғазиев қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ол Грузия астанасында өтіп жатқан ардагерлер арасындағы әлемдік аламанға қатысқан болатын. Грек-рим күресінен сынға түскен жерлесіміз өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші финалдық сында түрік палуанын есеп басымдығымен ұтты. Осылайша жаркенттік спортшы дүниежүзілік додада топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. 

Енді осы қайсарлық пен қайрат қазір ел намысын қорғап жүрген жас жігіттерге де үлгі болса дейді сала мамандары. Өйткені жуырда ғана елордада өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама бір алтын да ала алмаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары