Оралда тұрғын үй жанып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 06.57-де Зачаган кентінде болды.
Кенттегі 3-я линейная көшесі, 11 мекенжайында тұрғын үй отқа оранды. 100 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан жанып кеткен 1963 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.
Жалын 07.42-де оқшауланып, 07.56-да сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт темекі тарту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болған.