$ 449.3  489.69  4.89

Қазақстандық футболшы жол апатына түсіп, әкесі мен ұлынан айырылды

Апат салдарынан бірқатар қазақстандық командалардың бұрынғы қақпашысының әкесі мен кіші ұлы қаза тапты.
Фото: Fc-altay.kz
Фото: Fc-altay.kz

Белгілі футбол шолушысы Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында қақпашы Илья Байтеряков өз отбасымен бірге қайғылы оқиғаға тап болғаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Апат салдарынан бірқатар қазақстандық командалардың бұрынғы қақпашысының әкесі мен кіші ұлы қаза тапты.

"Илья өзі басқарған автокөлік Семей-Өскемен трассасында аударылып қалды. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден көз жұмды. Илья мен оның үлкен ұлы ауыр жағдайда. Илья ес-түссіз жатыр", - деп жазады Қожахмет.

Оның айтуынша, спортшының анасы мен зайыбы да апат салдарынан зардап шеккен. 

Илья Байтеряков "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток" және "Атырау" клубтары үшін голкипер позициясында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары