$ 449.3  489.69  4.89

Кореяда барлық косметологиялық ахуалдың есебі министрлікке жіберіледі

Оңтүстік Кореядаға сұлулық салондарында медициналық құрал-жабдықтарды қолдануға тыйым салынған.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Оңтүстік Кореяда косметологиялық процедуралар жүргізетін орталықтарға және онда жұмыс істейтін дәрігерлерге қатаң талап қойылады, деп хабарлайды Хабар 24.

 Ең бастысы, дәрігер медициналық университет бітіру керек. Осыдан кейін көп салалы ауруханада бір жылдық тәжірибеден өтуі тиіс. Интернатураны аяқтағаннан кейін дәрігер бір саланы таңдап, оны тағы төрт жыл зерттейді. Барлық кезеңінен өткен адам ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істей алады немесе жеке орталығын аша алады. Мына емхана лазер мен инъекцияларды қолдану арқылы қартаюға қарсы ем-дом жүргізеді. Оңтүстік Кореядаға сұлулық салондарында медициналық құрал-жабдықтарды қолдануға тыйым салынған.  Сәйкесінше теріні лазермен тазарту немесе инъекция жасауға болмайды. Мұндағы косметологиялық емханалар денсаулық сақтау министрлігінің қатаң бақылауында. 

Ким Джон Мин, пластикалық хирургия клиникасының директоры: 

 «Кореяда барлық жеке немесе мемлекеттік ауруханаларды денсаулық сақтау министрлігі басқарады. Клиникаларда жылына екі рет тексеру өткізіледі. Әсіресе есірткі заттарына негізделген дәрі-дәрмектерді қолдануды және вирустық инфекциялардың болмауын мұқият қадағалайды. Медициналық қызметкерлердің барлық жазбалары да бақыланады. Тексеру нәтижелері мен клиникалардың жағдайы туралы барлық есептер министрлікке жіберіледі».
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары