14.10.2019, 21:06

Назарбаев VII саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға ұшып келді

Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VII саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға ұшып келді. Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласына келді. Іс-сапар барысында Елбасы президент Ильхам Алиевпен кездеседі, президент Сооронбай Жээнбеков және президент Реджеп Эрдоганмен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ ТМЫК VII саммитіне қатысады", -деді Үкібай.z

Тегтер: Назарбаев