$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбедегі Қытай компаниясындағы жұмысшылар талабынан кейін Пекиннен өкіл келді

"Восток нефть" компаниясы қазақстандық жұмысшылары 11 қазанда жалақыларын 50 пайызға өсіруді талап еткен еді.

Ақтөбедегі Қытайдың "Восток нефть" компаниясындағы қазақстандық жұмысшылар жалақы өсіруді талап еткеннен кейін қалаға Пекиннен өкілдер келіп, 14 қазан күні жергілікті билікпен келіссөз жүргізуді бастады. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов хабарлады.

- Пекиннен келген өкілдер сервистік қызмет көрсететін серіктестіктің табысы тапсырыс беруші компанияға яғни, "СНПС-Ақтөбемұнайгазға" тәуелді екенін айтып отыр. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясы бұрғылаушы компанияға әр ұңғыма үшін беретін тарифтерін он жылдан бері өзгертпеген. Осы аралықта елде инфляция болды, көп нәрсе өзгерді. Біз кәсіпорындағы экономикалық қиындықтарды шешу үшін мәселені жүйелі түрде зерттеп, тарифтерді қайта қарауды ұсындық, - дейді Қайрат Бекенов.

Қайрат Бекеновтің сөзінше, Пекиннен келген делегация компанияның есеп-қисабымен танысқаннан кейін жалақыға қатысты шешімдерін жариялауы тиіс. Азаттық тілшісі "Восток нефть" компаниясының бас директоры Чжан Баоцзюньмен байланыса алмады.

"Восток нефть" компаниясы қазақстандық жұмысшылары 11 қазанда жалақыларын 50 пайызға өсіруді талап еткен еді. Олар компанияның жалақыны 20 пайызға өсіреміз дегеніне көнбейді.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #Қытай