$ 494.87  520.65  4.91

Таразда балаға қол жұмсаған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Оқиғаның жеке балабақшада болғаны анықталып шұғыл тексеріс жүргізілді.

Балаға қол жұмсаған тараздық тәрбиеші жұмыстан қуылды. Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде балабақша маманы кішкентай бөбекті тәртіпке салып жатқан сәті жария болған. Анасы «балам оңбай таяқ жеді» деп білім бөлімі басшылығына дейін дүрліктірді, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Оқиғаның жеке балабақшада болғаны анықталып шұғыл тексеріс жүргізілді. Даярлық тобы күзгі бал шарасындағы би пысықтап жатқан. Ал бес жастағы бүлдіршін айтқанын істемей қасарысқан көрінеді. Шамданған тәрбиеші оның желкесі мен арқасынан нұқып тынышталдырмақ болды дейді таратылған мәліметте. 

20 жылдық өтілі бар маман аталмыш әрекеті үшін жұмыстан қуылып тынды. Дау шыққан жеке бөбекжай басшысы бет-жүзін көрсеткісі келмеді. Айтуынша, таяқ жеді деген ұлдың анасы бұған дейін де әр нәрсеге шүйлігіп наразылық білдіріп жүрген. Соңғы жағдай «сыныққа сылтау болды» дегенге саяды. Тіпті осыны желеу қылып тәриешіден өтемақы ретінде 500 мың теңге талап етіпті. Сұрағанын бермегесін видеоны желіге жүктеп жіберген дейді. Ал тәрбиешімен бірге балабақшадан 5 жастағы бала да кетті. Мектепке дейінгі мекеме басшысы ақшаны уақытылы төлемегені үшін анасымен келісім-шартты бұзған.  

Екатерина Мадиянова, баланың анасы: 

- Мен тек тәрбиешінің жұмыстан кетуіне қанағаттанбаймын. Бұл бірініші мәрте болған жағдай емес. Сондықтан бассыздықты бақылай алмаған балабақша басшысы да жауап беруі тиіс. Мені ақша бопсалады дегендері бекер. Талап еткем жоқ, моральдық шығын төлейсіңдер дегенім рас. Бұл дауды осылай аяқсыз қалдырмаймын. Істі сотқа жеткіземін.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз