Белгілі қоғам белсендісі, экономист Мұхар Тайжан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, қоғамдағы өзекті деген проблемаларды жеткізді. Сондай-ақ, ол президенттің қарсысындағы адамды мұқият тыңдай білетін қасиетіне де куә болғанын айтты.
«Бір 35 минуттай үшеуіміз еркін отырдық. Президент адамды өте мұқият тыңдайды екен, сөзді бөлмейді. Мен ұсыныстарымды толық жеткіздім. Ол қандай ұсыныстар?
1. Тәжік-Ауған шеқарасында 1992-2001 соғысқан ардагерлерімізге ресми статус беру туралы. Ресейде, Тәжікстанның өзінде де дәл бұндай сарбаздарда статус бар, ал біз өз ардагерлерімізге ресми статусты неге бермей отырмыз? Бұл өзіміздің тәуелсіз еліміздің ардагерлері ғой!
2. Арыс қаланың мәселесі. Көп жұмыс атқарылды, мойындаймын. Бірақ, кей тұрғындар әлі де мәз емес. Құрылыс компаниялар сносқа кететін үйлерді жөндейміз деп жатыр. Бұл жерде кінә - толығымен мемлекеттің жағында ғой, сондықтан жергілікті халықты толығымен қанағаттандыру керекпіз.
3. Тараздағы "Родничок" деген тұрғын үйдің мәселесі. Анау 1990 жылдардан келе жатқан проблема бұл. Бұл жерде 15 мыңдай адам тұрады, бірақ үйлері әлі заңдастырылмаған. Соның кесірінен еш инфрақұрылым жоқ - мектеп, балабақша, аурухана т.б. Сондықтан бұл тұрғын үйді заңдастыру керекпіз деп өтіндім.
4. Атырау облысының экология мәселесін көтердім. Жайыққа бәріміздің жанымыз ашиды. Президент Тоқаев бұл проблеманы жақсы біледі екен.
5. Маңғыстау облысын басқа Қазақстанмен байланыстыратын тас-жолды айттым - Бейнеу-Сексеуіл. Бір миллирд доллар тұрса да салу керек екенін жеткіздім. Өйткені ол тек қана батыстағы облыстарға емес, бәрімізге қажет. Жөнді тас-жол болса ішкі туризм дамиды, оңтүстіктің көкіністерін батысқа тікелей апара аламыз, инфляция төмендейді, жүк көліктер Каспий теңіздегі порттарымызға тікелей жете алады, әрі қарай Әзербайжан арқылы Еуропаға бара алады, Иранға. Батыс облыстар республикалық бюджетіне жыл сайын қаншама мұнай мен газды құйып жатыр ғой! Жәнібек Қожық Куаныш Жумашев Жулдыз Адай Ардак Бораш (Ardak Borash)
6. Жер мәселесін түбегейлі қалай шешуге болады өзімнің баршаңызға белгілі ұстанымды жеткіздім. Мораторийдің аяқталуына екі-ақ жыл қалып отыр. Жердің жеке меншік институттың орнына жал институтын орнату керек - тек қана ҚР азаматтарына, және 100% ҚР заңды тұлғалар үшін. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек екенін айттым. Ол үшін АШМ тиісті бұйрығын жылдам шығару керек.
7. Достар, жетінші мәселе де болды, бірақ мен бұны әзірше ашық айтпай-ақ қояйын. Бірақ жылдың аяғына дейін бұл қандай мәселе болды міндетті түрде жариялаймын. Әзірше күту керек.
Солай, достарым, ағайын! Кездесуден көңілім толды. Біздің жұмысымыз жалғасуда. Karin Erlan-нің елге көрінбейтін, бірақ, елге өте пайдалы атқарып жатқан жұмысы үшін шексіз алғысымды білдірем!», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.