$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда балалар арбасын ұрлаумен айналысқан 20 жастағы әйел ұсталды

Елордалық полиция азаматтарға өз жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды ұсынады.

Бұрын сотталған 20 жастағы елорда тұрғыны ұрлық жасағаны үшін қолға түсті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталына Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

Белгілі болғаны жас әйел ата-аналардың назарын ала беріп, балалар арбасын ұрлауды кәсіп еткен. Негізінен күндізгі уақытта арам пиғылын жүзеге асырған. Тұрғындардың күдігін туғызбаған ол ашық қалған подъездерге кіріп, төменгі қабатта тұрған балалар арбасын алып шығып отырған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше қолға түскен азаматшаның бұл қылығы алғашқы рет емес. Қазіргі уақытта екі ұрлық жасағаны дәлелденіп отыр.

Азаматшаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болса Бейбітшілік көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД : 8 (7172) 71-60-69 немесе «102» бойынша хабарласуға болады.

Қоғамдық орындар мен үй подъездерінен азаматтардың жеке мүлігінің қолды болуының негізгі себебі қараусыз қалдырудан. Елордалық полиция азаматтарға өз жеке мүліктерінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды ұсынады. Жеке мүліктерін аулада, подъездер мен үйге кіреберістерде, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауды және мүліктерді арнайы сақтау үшін жабдықталған орындарға қоюды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұрлық #арба