Екі күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге ұшып келді. Мұнда жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп жатқан Елбасы спортпен шұғылдануға да уақыт табуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Саламатты өмір салты Нұрсұлтан Назарбаев үшін әрқашан басты басымдықтың бірі болған. Әзірбайжан Республикасына барған сапарында Елбасы жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Каспий жағалауымен төрт жарым шақырым жаяу жүрді», - деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Твиттерінде.
Нұрсұлтан Назарбаев Бакуде түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысуда. Саммитке қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Түркі кеңесі атауын өзгертеуді ұсынды.