17 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Көптеген өңірде жауын жауады. Шығыста қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек батыста және оңтүстікте ашық ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл облыстарында тұман күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.