$ 498.34  519.72  4.85

ҰҚК: Сириядан оралған 14 қазақстандыққа «терроризмді насихаттады» деген айып тағылды

10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Оның ішінде 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде,10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.  

«Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты «әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады» деген айып тағылды», - дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали. 

 Комитет мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары