$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда заманауи субұрқақ іске қосылды

Түркістан қаласының жазғы климаты өте ыстық болғандықтан, тұрғындар бойұсынса да, келушілердің əрдайым көңілі ауатын құбылысы - ауа-райы.

Түркістандағы абаттандыру жұмыстары жүзеге асып жатқан "Гүлдер саябағының" іргесінен шəйнек үлгісіндегі фонтан іске қосылды. Ұлттық оюмен өрнектелген шəйнектен кесеге құйылған шəйдің көрінісін бірден аңғаруға болады. Креативті дүние арлы-берлі өткеннің таңданысын туындатып жатқаны да жасырын емес, - деп хабарлайды "Отырар".  ⠀

Түркістан қаласының жазғы климаты өте ыстық болғандықтан, тұрғындар бойұсынса да, келушілердің əрдайым көңілі ауатын құбылысы - ауа-райы. Сондықтан да, демалыс орындарын жандандыруды көздеген рухани мекенде міндетті түрде фонтандар саны артатын болады. Нəтижесінде, бой сергітіп отыруға келген тұрғындарға жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайды. ⠀

Айта кетейік, бұл жоба қала əкімі Рашид Аюповтың бастамасымен іске асып отыр. "Түркістан жарық-тазалық" ЖШС мердігерлік еткен ерекше фонтан дəстүрге сай, заманауи əрі елімізде алғаш рет бой көтерді. Мыстан жасалған жаңа фонтанның биіктігі 6 метр, ал ені 7 метрді құрайды. Қағаз бетіне түсірілген тың дүниені үйлестіруде 15 жұмысшы қызмет етті. Жақын арада толықтай аяқталып, түнгі уақытта түрлі түске еніп, кешкі қаланың ажарын айшықтай түспек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркістан