17.10.2019, 16:40

Ота кезінде жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит табылды

фото: ria.ru
Операцияның арқасында 5 келі салмақта сау бала дүниеге келді.

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қыркүйекте Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жүктілік мерзімі 36-37 аптаға келген 1978 жылғы әйел шұғыл түрде жеткізілді.

«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде әйелдің бауырының оң жақ аймағында үлкен – көлемі 19 см болатын эхинококк киста табылды. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасады», - деп хабарлады ведомстводағылар.

Ота кезінде әйелдің толғағы басталып кеткен. Сәтті жасалған операцияның арқасында 5 келі салмақта сау бала дүниеге келді. Нәресте мен ананың жағдайы жақсы.