17.10.2019, 17:20

ШҚО дәрігерлерін шетелдік емханаларға біліктілігін арттыру үшін 6 айға жіберу қажет - Даниал Ахметов

ашық дереккөз
Жол ақысы бюджет есебінен төленеді.

ШҚО-ның медициналық мекемелеріндегі дәрігер мамандар 6 айға шетелден білім алуға жіберілетін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен отырыста аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

- Біздің дәрігерлерді шетелдік емханалардан біліктілігін арттыруға 6 айға жіберу қажет. Ал отбасындағылар сағынбас үшін, үш ай өткен соң бір аптаға үйіне келіп кетуге рұқсат етіледі. Жол ақысы бюджет есебінен төленеді, - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, жарты жылға үш айлық оқудан өтіп келгендерді ғана жіберу керек екен.

Тегтер: ШҚО дәрігер