$ 449.3  489.69  4.89

Канализациядан ұзындығы 4 метрден асатын кобрa табылды (ВИДЕО)

Видео кадрларында ер адамның лай судан кобраны шығарып жатқаны көрінеді.

Бүгін Таиландта канализациялық каналдың ішінен салмағы шамамен 15 келі, ал ұзындығы 4 метрден асатын "корольдік" кобра ұсталынды, деп хабарлады National Geographic. 

Алып әрі улы жыланды жергілікті тұрғындар тұрғын үй кешенінінің жанынан көріп қалып, құтқарушыларға хабарлаған.

Видео кадрларында ер адамның лай судан кобраны шығарып жатқаны көрінеді. Алып жыланды ұстап тұру үшін 5 адам қажет болды. 

Құтқарушылардың айтуынша, бұл жылан олар аулаған ең ірі жыландардың ішіндегі үшіншісі. Қазір кобра қорыққа орналастырылды. 

Корольдік кобра - жер бетіндегі ең алып улы жылан. Ол көбінесе адамдар жүрген жақты мекен етеді. Бұл осы тектес жыландардың мекені - тропикалық ормандардың азаюына байланысты. 

Негізінен бауырымен жорғалаушылар қорғану үшін адамдарды "өтірік" шағып, уын шашпайды. Ал оған тап берсең аямай шағып алады.

Дегенмен, кобраның шаққаны қауіпті, тіпті кей кезде өліммен аяқталуы мүмкін. Кобраның уы адамның тыныс алу бұлшықеттерін сал қылып жібереді, адам дем ала алмай қалады, ал 15 минуттың ішінде алғашқы көмек көрсетілмесе, адам өліп кетуі мүмкін.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#канализация