$ 448.15  483.46  4.86

Қызылордада 26 жастағы жігіт өзін өртеп жібермек болды

Келеңсіз оқиға 17 қазанда кешкі 19.00 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алған.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қызылордада 26 жастағы жігіт өзін өртемек болды. Оны №5547 әскери бөлімінің сарбаздары өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиғаны қаладағы №5547 әскери бөлімінің мамандары растады. Келеңсіз оқиға 17 қазанда кешкі 19.00 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алған. 

Әскери бөлімнің сарбаздары Сағдат Мейірбек, Бейбіт Есқара, Мейірбек Әбдіәзім өздеріне бекітілген аумақты аралап келе жатқан болатын. Сол сәтте гараждар арасынан адамның шыңғырған дауысын құлағы шалады. Сарбаздар дереу оқиға орнына жетіп, жанып жатқан адамның үстіндегі киімін шешіп алды. Өзін жерге аунатып, үстіндегі жанып жатқан отты өшірді. 

№5547 әскери бөлімінің сол күнгі әскери жасақ кезекшісі Ақылбек Жұмабайдың айтуынша, өзін өртеген адамның денесінің біраз бөлігін күйік шалған. Сарбаздар дереу жедел жәрдем шақыртып, полицияға хабар берді. Өзін өртеуге ниет жасаған азамат 1993 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданының тұрғыны екен. Оның суицидке бару себебі белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда