20.10.2019, 21:33

Бойжеткенге ғашық болған жас-жұбайлар онымен бірге тұруға шешім қабылдаған

Олардың достығы уақыт өте келе махаббатқа ұласа бастаған.

Американың Вашингтон штатындағы Кенневик қаласында ерлі-зайыпты бойжеткенге бірдей ғашық болып, үшеуі бірге тұруға бел буды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

CrossFit жаттықтыру залының басқарушысы Мэри Бариллас (Mary Barillas) болащақ күйеуі Леомен (Leo Barillas) 13 жасында танысқан. Төрт жыл өте сала екі ғашық үйленеді.

2015 жылы ата-анасы Мэри және Лео жаттықтыру залында өздерінің келушісі және екі баланың анасы Кимберли Слэглмен (Kimberlee Slagle) танысады. Олардың достығы уақыт өте келе махаббатқа ұласа бастаған. 2017 жылы әйел екі баласымен Барилластағы үйге көшіп келеді. 

"Біз бір-бірімізге 2016 жылы жылы ғашық бола бастадық. Мүмкін әркімде әрқалай болатын шығар. Бізге осылай бірге тұру жақсы болатынын сездік. Және осындай шешімге келдік", - дейді Лео. 

Отбасы өздерінің қарым-қатынастары туралы желідегі парақшаларында бөлісіп тұрады. 

Леоның айтуынша, кейде бір-бірін қызғанып жатады екен. Бірақ оның шешімін таптық дейді. Сонымен қатар екі әйелінің де бойы өзінен ұзындығына ұялмайтынын айтады. Керісінше, жанында екі сұлу келіншек барына қуанады екен.