UFC жұлдызы Конор Макгрегорға жас қызға сексуалды қысым көрсеткен деген айып тағылып жатыр деп жазады FoxNews порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ирландық файтерге бір жыл ішінде екінші рет осындай айып тағылып отыр. Телеарнаның хабарлауынша, бұл жолы Макгрегор Дублиндегі барлардың бірінде 20 жастағы қызға тиіскен. Оқиға осы аптада болған көрінеді.
UFCжұлдызына қарсы әзірге ешқандай ресми тағылған айып жоқ. Десе де, спортшының өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарған. Олардың сөзінше, Макгрегор әртүрлі қауесеттердің жиі құрбанына айналады.