Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы –Өскемен көлік жолының екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Казахавтодор» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
«Көктайғақ пен желге байланысты Алматы- Өскемен автожолының екі учаскесі - сағат 19:50-тен бастап 778-967 км (Аягөз қаласы - Қалбатау елді мекені), 20:40-дан – 971-1068 км (Калбатау елді мекені - Касым Кайсенов кенті) жүк көлігі мен қоғамдық көліктің барлық түрі үшін жабылды»,- делінген хабарламада.