21.10.2019, 05:19

Нұр-Сұлтанда зағип балаларға арналған балабақша ашылмақ

Фото: Astana.gov.kz
Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты. 

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен Күмісбеков көшесі). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. 

Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.

Тегтер: Нұрсұлтан