21.10.2019, 06:04

21 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады

Фото: ҚазАқпарат
Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

 

«Қазгидромет» РМК 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде – жаяу борасын, көктайғақ. 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын соғады, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Тегтер: ауа райы Қазан