Тұрмыс құрғанына бір жыл болған әйел шарасыз күйге түсті. Бала көтере алмаған ол күйеуімен 3-4 ай бойы жақындаспаған. Бұл туралы келіншектің өзі Instagram желісіндегі «Әйел бақыты» парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«2 ай бойы ем қабылдап келеді. Еш нәтиже жоқ. Арамыз бұзыла бастағанын сеземін. Сүйіп қосылмадық, алып қашты. Бірақ, тез тіл табысып, жақсы тұрып кеттік. Барлық мәселе төсек қатынасында болып тұр. Оны түсініп, мазаламауға тырысамын. Бірақ, қатты құштарлығым артып жүр. Күйеуім маған керектіні бере алмайды. Қатты күйзелісте жүрмін. Теріс қарап ұйықтаймыз», - деді ол.
Келіншек жарымен бұрынғыдай қыдырып, сөйлеспейтінін айтады. Тіпті, олар бір-бірін іздемейтін көрінеді.