$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда түрлі халықтардың нан өнімдері фестивалі өтті

Фестиваль ұйымдастырушылары Қарағанды облысы еліміздің астық қорына өз үлесін қосады дейді.

Халықаралық нан күні жыл сайын 16 қазанда ғаламшардың әр бұрышында тойланады. Қарағанды қаласы да мейрамын тойлаудан тыс қалған жоқ. Шараның мақсаты – дастарханымыздың басты тағамына құрмет көрсету және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару.

Қарағанды Медицина университетінің студенттері мереке күні Нан фестивалін өткізді. Олар түрлі ұлттардың нан өнімдері қойылған үлкен дастархан жайды. Мұнда өзбек және түрік шелпектері, неміс бәліштері, орыс ватрушкалары, үнді шапаталары және т.б. болды. 

Дастарханның ортасында қазақ ұлттық нан өнімдері қойылды. Қазақтар қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында әртүрлі этнос өкілдерімен өздерінде бар азғантай ғана нанмен бөлісіп, оларға баспана беріп, аштықтан құтқарған. 

Фестиваль ұйымдастырушылары Қарағанды облысы еліміздің астық қорына өз үлесін қосады дейді.

"Біз әр түрлі халықтардың аспаздық дәстүрлерін көрсетіп қана қоймай, диқаншылардың еңбегі мен дастарханымыздың басты өнімдерінің біріне ұқыптылықпен қарауымызға көңіл бөлгіміз келеді. Біздің көптеген студенттер - ауыл аймақтардан келген жастар. Оларға бидай өсіру және нан пісірудің қандай зор еңбек екені белгілі", - деді Медицина университетінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Айгүл Оңғарбаева.

Шара соңында аспаз студенттер марапатталды. Қатысушылардың пісірген өнімдер жиналған қауымға таратып берілді, фестивальге келген көрермендер әр түрлі нан өнімдерінен дәм артып көрді. 

Дүниежүзілік нан күні (World Bread Day) 2006 жылы Халықаралық наубайханалар одағының бастамасымен құрылған. Бұл күнді таңдау 1945 жылдың 16 қазанында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылуымен байланысты. Дүниежүзілік нан күні – бұл осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сонымен қатар Дүниежүзілік азық-түлік күні атап өтіледі.

Қызықты деректер:

Нан 5000 жыл бұрын Ежелгі Мысырда пайда болды. Аңыз бойынша, ол бр бай адамның құлы жіберген қателіктің салдарынан пайда болған тағам. Ол қамырды түні бойы жылы жерде қалдырып ұмытып кеткен екен. Наубайшы оны пешке салып, нәтижесінде дәмді шелпек шыққан. 

XIV ғасырда ағаш ыдыстар пайда болғанға дейін нан қабықтары тәрелкелердің орнына пайдаланылған. Ал тамақтан кейін олармен малды азықтандырған.  

Үйлену тойларын дайындауға бақытты неке құрған және көп балалары бар әйелдер қатысқан. Олар қамыр илеп, бидай масақтары мен шеңгел жидектерінен әшекейлер жасады. Бірақ пешке таба нанды тек ер адамдар ғана салған. 

Парижде Сальвадор Далидің 100 жылдығына орай Монмартрдағы мұражайда суретшілер нан бөлмесін жасаған. Онда кереуеттен, буфеттен бастап люстраға және кілемге дейін барлығы қамырдан жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары