Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.
«Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін үйрету сабақтарын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тәрбиешілердің жалақысын көбейту жоспарлануда», - деді министр.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары деңгейлеріне сай болатынын айтты.